деп хабарлайды Reuters.
Айта кетейік, «Еуро-2012» топтық кезеңінің 3-ші турында поляктар Чехия құрамасына 0:1 есебімен есе жіберіп, турнирдің ширек финалына өте алмаған еді. Өз алаңында өткен Еуропа чемпионатында Ф.Смуда шәкірттері 2-ақ ұпай жинады. Бұл плей-офф ойындарына шығуға жеткіліксіз. Бірінші турда Польша Грекиямен (1:1), екінші ойында Ресеймен (1:1) тең ойнап, шешуші ойында Чехиядан (0:1) ұтылып қалған болатын.