Польшада Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі сот реформасына арналған халықаралық семинар өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польшада Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі сот реформасына арналған халықаралық семинар өтуде

Польшада Еуропа және Орталық Азия елдеріндегі сот реформасына арналған халықаралық семинар өтуде

Бүгін, 21-маусымда Варшавада Әлемдік банк пен Польша Ұлттық банкінің ұйымдастыруымен "Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдеріндегі сот жүйесі және келісім-шарттарының орындалуын қамтамасыз ету" тақырыбындағы халықаралық семинар басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Әлемдік банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Маусым 2005
  • 663
Фото - Caravan.kz

Семинарға Орталық Азия және Шығыс Еуропа аймағындағы 14 елдің мемлекет қайраткерлері мен донорлық ұйымдардың өкілдері қатысуда. Семинарға қатысушылар сот реформасын жүргізу және коммерциялық келісім-шарттарының атқарылуын қамтамасыз ету жүйесін дамыту саласындағы ақпараттармен және өз тәжірибелерімен алмасуда.

Семинарда Әлемдік банктің «Өтпелі экономикалы елдердегі сот жүйесі : өткенге баға және болашаққа көзқарас» атты баяндамасын таныстырып талқылауға маңыз берілмек.
Әр елдің сот жүйесін дамыту стратегиясы ұлттық нақты ахуал мен қажеттілікті ескеруге тиіс, деп бағамдайды баяндама авторлары.
Алайда аймақтағы барлық елдер үшін судьялар жұмысының ашықтығы мен есептілігін арттыруға қатысты мақсаттарды бірінші кезекте жүзеге асырудың тиімділігі айқын.

Перейти к новостям спорта