Польшада "Польшалық компаниялардың Қазақстан рыногындағы инвестициялық және кәсіпкерлік мүмкіндіктері" атты конференция өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польшада "Польшалық компаниялардың Қазақстан рыногындағы инвестициялық және кәсіпкерлік мүмкіндіктері" атты конференция өтті

Польшада "Польшалық компаниялардың Қазақстан рыногындағы инвестициялық және кәсіпкерлік мүмкіндіктері" атты конференция өтті

Польшаның Краков қаласында "Польшалық компаниялардың Қазақстан рыногындағы инвестициялық және кәсіпкерлік мүмкіндіктері" атты конференция өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Ақпан 2004
  • 659
Фото - Caravan.kz

Бас қосуға Қазақстандық және Польшалық министрліктер мен мекемелердің, сондай-ақ, елімізбен ынтымақтастық орнатуға мүдделі 100-ден астам Польшалық компанияның өкілдері қатысты. Қазақстан Республикасының Польшадағы елшілігі ұйымдастырған конференцияда шетелдік компаниялардың қазақстан рыногында инвестициялық және кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысуға жасалған құқықтық және экономикалық жағдайлардың тұсаукесері жасалып, бірлескен кәсіпорындар құру және сауда-көрме шараларына қатысу мүмкіндіктері қаралып, салық, кеден тарифтері, тауар және қызмет түрлерін сертификаттау, жеңілдіктер мен преференциялар алу, ақыл-кеңес және ақпараттық қолдауға ие болу жолдары талқыланды.

Қазақстан нарығында жұмыс істейтін Польшалық іскерлер өз сөздерінде Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуал және Қазақстанның минералдық шикізатқа байлығы туралы тілге тиек етті. Қазақстанда шетелдік компаниялардың табысты жұмыс істеуіне сенімді негіз қалайтын ғылыми-техникалық әлеуеттің жоғарылығы және қажетті мамандардың молдығы туралы да әңгіме өрбіді.
Польшалық іскерлерге өндіріс саласында бірлескен кәсіпорындар құру арқылы Қазақстан нарығындағы іс-шаралар аясын кеңейту туралы, Қазақстан экономикасының түрлі салаларына жаңа технологиялар мен жеке капиталды белсендірек енгізу туралы ұсыныстар жасалды.
Бас қосу аясында «Қазіргі заманғы Қазақстан» атты көшпелі фотосурет көрмесі ашылып, еліміздің экономикалық дамуы, республиканың жаңа Елордасы, Қазақстанның көрнекті жерлері туралы бейнесюжеттер көрсетілді. Бас қосуға қатысушылар арасында Қазақстан экономикасы туралы , елімізде өткізілетін инвестициялық жобалар мен сауда-көрме шаралары туралы ақпараттық және анықтамалық материалдар таратылды.

Соңғы жаңалықтар