Польшада Қазақстан өкілдерінің қатысуымен "Интернет және қалалар" деп аталатын 7-халықаралық конференция өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польшада Қазақстан өкілдерінің қатысуымен "Интернет және қалалар" деп аталатын 7-халықаралық конференция өтеді

Польшада Қазақстан өкілдерінің қатысуымен "Интернет және қалалар" деп аталатын 7-халықаралық конференция өтеді

2003-жылдың маусым айының 11-13 аралығында Польшаның Закопане қаласында "Интернет және қалалар" деп аталатын 7-халықаралық конференция өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжіліс төрағасы Кшиштоф Гломб (Krzysztof Glomb) хабарлады. Мәжілісте "Электрондық үкіметтің жұмысы тиімді ме? және Еуропалық тәжірибе" деген басты тақырыптар қаралмақ.

  • 5 Маусым 2003
  • 514
Фото - Caravan.kz

Орталық Азия, Шығыс және Орталық Еуропа елдерінің электрондық үкімет мәселесі бойынша кәсіби мамандары бас қосатын Закопане конференциясы — әлемге танымал саммитердің қатарына жатады.

Онда мемлекеттік мекемелерде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану төңірегіндегі тың идеялар ортаға салынады.
Мәжілістің күн тәртібінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жергілікті әкімшіліктердің жұмысын жақсартуға бағытталған тәжірибемен бөлісу туралы ғаламдық пікірталас өткізіледі деп жоспарланған.
Конференцияға дүниежүзінің 20 елінен 600 өкіл , соның ішінде Польша сыртқы істер министрі Mr. Krzysztof Janik пен осы елдің ғылым және ақпарат министрі , профессор Michal Kleiber мырзалар қатысады.
Конференция тарихында алғаш рет оған Қазақстан өкілдері қатысып, Өскеменде жүзеге асырылып жатқан «Әйнек қала» атты жобаны ортаға салмақ.
Тәжірибе алмасу аясында конференцияның күн тәртібіне енгізілген бұл жобаны мәжіліс төрағасы Кшиштоф Гломб электрондық үкімет тақырыбына арналған маңызды жоба деп атады.
«Әйнек қала» жобасы жергілікті билік мекемелері жұмысының ашықтық сипатын арттыруға, азаматтарды қоғамдағы көкейкесті проблемаларды шешуге жұмылдыруға бағытталады. Сондай-ақ ол Өскемен қаласының ресми сайтын жетілдіруге және оны халық арасында насихаттауға арналған.
Өскемен қаласының әкімі Александр Гречухиннің айтуынша, бұл жоба жергілікті билік мекемелері мен бейресми ұйымдар арасындағы әріптестіктің айқын белгісі болмақ.
Қазіргі жағдаймен «Әйнек қала» жобасы қоғам мен билік арасындағы диалогты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырып отырған Қазақстандағы жалғыз жоба болып табылады.

Соңғы жаңалықтар