Польшада Қазақстан өкілдерінің қатысуымен "Интернет және қалалар" деп аталатын 7-халықаралық конференция өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польшада Қазақстан өкілдерінің қатысуымен "Интернет және қалалар" деп аталатын 7-халықаралық конференция өтуде

Польшада Қазақстан өкілдерінің қатысуымен "Интернет және қалалар" деп аталатын 7-халықаралық конференция өтуде

Польшаның Закопане қаласында "Интернет және қалалар" деп аталатын 7-халықаралық конференция өтуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжіліс төрағасы Кшиштоф Гломб (Krzysztof Glomb) хабарлады.

  • 16 Маусым 2003
  • 644
Фото - Caravan.kz

Конференцияға алғаш рет Қазақстан өкілдері қатысып, Өскеменде жүзеге асырылып жатқан «Әйнек қала» атты жобаны ортаға салды.

Конференцияға Еуропа және Орталық Азияның 20 елінен 350 өкіл қатысуда. Электрондық үкімет идеясын жүзеге асыру саласындағы Қазақстандық тың тәжірибе болып табылатын «Әйнек қала» жобасы бас қосудың арнайы отырысында талқыланып, Польша, Ұлыбритания, Словакия және Германиялық мамандар тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Мәслихат төрағасы Кшиштоф Гломб (Krzysztof Glomb) мырзаның хабарлауынша, Өскемен қаласын «Интернеттегі қалалар» атты Еуропалық Қауымдастыққа мүшелікке қабылдау жөніндегі мәселе таяу уақыттарда қаралады. Оның айтуынша, Өскеменнің аталмыш Қауымдастыққа қабылдануы қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге қолдану саласында қазіргіден де жоғары деңгейге көтерілуге жағдай жасайды. «»Интернеттегі қалалар» Еуропалық Қауымдастығына мүшелікке өту тек беделді арттырып қана қоймай жетістіктерді халықаралық деңгейде мойындату болып табылады»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Өскеменде жүзеге асырылып жатқан «Әйнек қала» жобасы қоғам мен билік арасындағы диалогты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырып отырған Қазақстандағы жалғыз жоба болып табылады.
Ол — жергілікті билік мекемелері мен бейресми ұйымдар арасындағы әріптестіктің айқын белгісі.
«Әйнек қала» жобасы Өскеменге қатысты әлеуметтік, құқықтық-нормативтік, экономикалық және танымдық ақпараттар жарияланатын электрондық жедел сайт жасап шығаруды көздейді. Сондай-ақ, қаланың негізгі аудандары болып саналатын Үлбі және Октябрь аудандарында қоғамдық тегін интернет-киоскілер ашу межеленген. Тұрғындар онда ақпараттық-сайтпен тегін танысып, қажетті мәліметтер алуға, сондай-ақ, Өскемен қаласының әкіміне тікелей сауал қоюға, өтініш немесе ұсыныс білдіруге мүмкіндік алады. Сайт қалалық атқарушы және өкілетті биліктің жаңа құжаттарымен ұдайы толықтырылып, тұрғындар тарапынан жиі туындайтын өзекті өтініш-сауалдарға жауап беретін болады. Осындай қолданбалы ақпараттық маңызымен бірге, сайтта «мемлекеттік атқарушы билік қабырғасындағы ақпараттар ағыны және ішкі кедергілерді анықтау тақырыбындағы талдауларға орын беріледі.»

Соңғы жаңалықтар