Польшада - жаңа премьер-министр - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польшада - жаңа премьер-министр

Польшада - жаңа премьер-министр

Поляк парламентінің төменгі палатасының - сейм депутаттары премьер-министр Ева Копачтың жаңа үкіметіне сенім білдіруге дауыс берді.

  • 2 Қазан 2014
  • 323
Фото - Caravan.kz


Оның командасын 259 депутат қолдады, 183-і — қарсы болды, үш парламентші қалыс қалды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Бұдан бұрын Копач депутаттар алдында бағдарламалық сөз сөйлеген болатын. Өз сөзінде ол оппозициямен ынтымақтасуға, Украинадағы жағдайға орай ел қауіпсіздігіне қамқорлық жасауға, Ресейдің жауап азық-түлік эмбаргосы енгізуіне байланысты зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге және АҚШ-пен қатынастарды дамытуға уәде берді. Сонымен бірге ол республиканың кен өндіру секторының проблемаларын шешу мәселесін жеделдетуге мндеттенді.

Копачтың сеймдегі сөйлеген сөзін  «Азаматтық платформа» билік партиясындағы әріптестері және басқа да бірлестіктердегі саясаткерлер жоғары бағалады. Тіпті  «Заң және әділеттілік» ірі оппозициялық партиясының басшысы, экс-премьер Ярослав Качиньский кейбір жобаларды мұқият бағалай отырып, бұрынғыша үкіметпен  ынтымақтасу ниетін білдірді.  

Сарапшылардың атап өтуінше, қазіргі кабинет бір жыл ғана — 2015 жылғы күздегі парламенттік сайлауға дейін жұмыс істейтініне қарамастан, Копач өз сөзінде алдағы бірнеше жылдарға бағытталған мақсаттарды белгілеген.