Польшаның кардиохирургтары Шымкентте 30-дан астам балаға операция жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Польшаның кардиохирургтары Шымкентте 30-дан астам балаға операция жасады

Польшаның кардиохирургтары Шымкентте 30-дан астам балаға операция жасады

Оңтүстік Қазақстан облысына мемлекеттік фармацевтикалық академияның (ОҚМФА) шақыртуымен келген Польша кардиохирургтар бригадасы Шымкентте 30-дай балаға жүректеріне ашық операция жасады.

  • 17 Маусым 2011
  • 629
Фото - Caravan.kz

«Польшаның мамандары біздің мамандармен бірге жүректерінде туа біткен сыртқаттары бар балаларға кеңес беруде», — деді ОҚМФА ректоры Бақытжан Сексенбаев ҚазТАГ тілшісіне жұма күні.

Оның айтуынша, операция облыстық кардиодиспансердің балалар кардиохирургиялық бөлімінде жасалды.

Польшаның Катовице қаласынан келген профессор Марек Витес операциядан соң Шымкент дәрігерлері үшін жүрек ауруларын емдейтін жаңа заман емдеу тәсілдері туралы лекция оқыды. Бұл ретте ол, Шымкенттік дәрігер хирургтардың деңгейін жоғары бағалады.

ОҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметтерінше, балалар өлімінің жиілігі тұрғысынан жүрек талмасы, көптеген ішек ауруларынан соң, екінші орында тұр.

«Жыл сайын 450-дей бала жүрек кінәратымен туылады. Олардың 350-дейі операцияны қажет етеді. 2010-шы жылы 132 бала туа біткен жүрек ауруынан өлді», — деді ОҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Айжан Омарова.

«Жүрек ауруларының өсіп отыруы республикалық орталықтарға кезекті көбейтті. Мысалы, А. Сызғанов атындағы ғылыми хирургия орталығында 2014-ші жылға дейін кезек құрылды. Сондықтан 1 жасқа дейінгі және одан үлкен балаларға Шымкенттегі облыстық кардиоорталықта көмек көрсету өте қажет», — деді А. Омарова.

Облыстық ДСБ мәліметтерінше, 2011-ші жылдың 1-ші қаңтарына ОҚО-да туыла біткен жүрек кінәраты диагнозымен жасы 15-ке толмаған 2802 бала есепте тұр. Олардың 415-і – 1-жасқа дейінгілері. Республикалық клиникалардағы кардиохирургтар 1235 балаға кеңес берген. Олардың барлығы операцияны қажет етеді.

Соңғы жаңалықтар