Полтораниннің тұтқындалуы: "Ол өз бөлмесінде шай ішіп отырған, VADA полициясы кіріп келді" - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полтораниннің тұтқындалуы: "Ол өз бөлмесінде шай ішіп отырған, VADA полициясы кіріп келді"

Полтораниннің тұтқындалуы: "Ол өз бөлмесінде шай ішіп отырған, VADA полициясы кіріп келді"

Мән-жайды бапкер айтып берді. 

  • 28 Ақпан 2019
  • 44
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің бапкері Vksport.kz басылымына берген сұхбатында Австриядағы әлем чемпионатында болған оқиға туралы толығырақ айтып берді.

27 ақпанда Қазақстан құрамасының көшбасшысын VADA (Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі) полициясы жарысқа шығармай қойған еді. Сәрсенбіде Полторанин өзінің басты қашықтығы — 15 шақырымдық классикалық жарысқа қатысуы керек еді. Бұл жарыста ол алтын медальге басты үміткерлердің бірі еді. Алайда шаңғышы жарыс сөресіне шыққан жоқ. "Ол өз бөлмесінде шәй ішіп отырған, БАДА полициясы келді де, жарыстан шеттетіп тастады. Себебін білмеймін, бірақ оған жақсы шаңғы дайындап қойғанбыз. Өте өкінішті", — дейді бапкер Алексей Наконечный. "Осы әлем чемпионатында Полторанинді енді көрмеуіміз әбден мүмкін", — деп жазылған мақалада. Қазақстандық тағы бір шаңғышы Денис Волотка РИА Новостиге берген сұқбатында Полтораниннің жарысқа шықпағанын мәреге жеткен соң ғана білгенін айтты. "Ештеңе білмедім. Қонақүйде Алексей басқа бөлмеде тұрады, себебі ол сайыстарға жеке бағдарлама бойынша дайындалады. Сондықтан, мен оны көрген жоқпын. Бізден жеке қашықтық алдында бір допинг-сынақ алды. Одан кейін ешқандай тест те, бұл тақырыпта әңгіме де болған жоқ", — дейді спортшы. Бұған дейін Алексей Полторанинді австриялық полиция антидопинг ережесін бұзғаны үшін тұтқындағаны туралы ақпарат шыққан болатын. БАҚ мәліметтері бойынша, қазақстандық шаңғышыдан бөлек, эстониялық Андрус Веерпалу, австриялық Макс Хауке мен тағы бірнеше спортшы тұтқынға алынған.
 

Соңғы жаңалықтар