Porsche Мария Шараповадан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Porsche Мария Шараповадан бас тартты

Porsche Мария Шараповадан бас тартты

Ресей теннисшісі Мария Шарапованың допинг-тестке қатысты дауынан кейін әлемнің ірі компаниялары одан бас тартты. Мариямен бірінші болып әріптестік келісім-шартты бұзғандардың қатарында спорт тауарларын шығаратын атақты Nike, швейцариялық сағаттар маркасыTAG Heuer. Олардың ізін суытпай Porsche көлігін шығаратын неміс концерні де үзілді-кесілді шешім қабылдаған. Әйгілі тенннисші аталған брендтердің бірнеше жыл бойы жарнамалық бейнесі болып келген еді. Айта кеткен жөн, Porsche мен Шарапова осыдан үш жыл бұрын келісім-шартқа қол қойған. 2015 жылы Ресей тенисшісі 29 млн доллар пайда тапса, оның 22 млн доллары жарнаманың арқасында келген. Сарапшылардың айтуынша, енді Мария жарыстарға екі жылдан төрт жыл мерзімге дейін қатыстырылмауы мүмкін.

  • 9 Наурыз 2016
  • 331
Фото - Caravan.kz


Натали Коглин, жүзуден әлем чемпионы:

— Шынымды айтсам, Марияның допинг-тесті бойынша көп мәлімет білмеймін. Бірақ онысын көпшілікке мойындауы аса маңызды. Осылайша, ол барлық жауапкершілікті өз мойнына алатындығын көрсетіп отыр. Дегенмен бұл таңқаларлық жағдай. Себебі бір тест үшін барынан айырылатынын жақсы түсініп тұр ғой.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера