"Пошел на х*й , шшс": Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлын қалай боқтағанын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Пошел на х*й , шшс": Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлын қалай боқтағанын айтып берді

"Пошел на х*й , шшс": Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлын қалай боқтағанын айтып берді

Актер Тұңғышбай Жаманқұлов бұрынғы шенеунік Арыстанбек Мұхамедиұлымен арасындағы араздық қалай басталғаны туралы ашып айтты.

  • 25 Қаңтар 2023
  • 3424
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Өнер академиясында ұстаздық етіп жүрген Тұңғышбай Жаманқұловқа Арыстанбек Мұхамедиұлы оқуға қабылдау емтиханынан грантқа міндетті түрде ілігуі керек деп 11 адамның тізімін ұсынған. Сонымен даудың басы Тұңғышбай Жаманқұловтың "Мемлекеттен бөлінетін гранттың өзі 12. Жарайды ол ректор екен. Біреу алайын, тіпті, екеу алайын. Үлкен адамдар үлкен жақтан сұраған шығар. Ал, мынаның бәрін ала алмаймын" деп шенеуніктің қолын қайтарғанынан соң басталған көрінеді.

"Емтиханнан қайтып келе жатқанымда ректордан қоңырау келді. "Сен неге менің айтқанымды орындамайсың?" деді маған. "Ареке, мен уәде бергендей екі адамды алдым. Әрі қарай мүмкіндік болмады. Тізіміңдегі балалар онша болмады. Ұят болады" дегенімді тыңдамайды. "Мен сені құртамын. Сен кімсің сонша?" деп. Сонан кейін ашуландым. "Сен маған "сен" деп сөйлейсің. Сенің құлыңмын ба? Мен Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов деген ағаңмын. Дікеңдемей сөзді тыңдасайшы". Бәрібір қоймады. Мен де эмоцияның адамымын. Телефонның арғы жағынан "Кетші бар. На*" дедім орысшалап. Ертесіне академияға келсем кіре алмадым. Ректор келмепті әлі. Бір уақытта келді. Ырғалып машинадан түсіп жатты. "Кешегі жайында түсінісейік" деп едім. Амандық-саулық жоқ. Маған бір қарады аналарға бір қарады да "Мынаны кіргізбеңдер" деді. Тағы боқтадым Шымкентше. Сөйттім де кетіп қалдым", — дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.


Естеріңізде болса, өнер иесі бұған дейінгі сұхбатында басынан өткізген қиын күндердің зардабынан психологиялық емханада ем алғанын мәлімдеген еді.  Енді, Тұңғышбай Жаманқұлов жындыханаға қалай түскендігі туралы тарқатып айтып берді.

"Дәрігерлер менің қатты күйзеліп жүргенімді көрді де терапия бөлімінен ауыстырды. Ойыма келмеген сұрақтар қойылды. "Асылып өлемін деген ойыңыз жоқ па?" дейді. Әрине, күйзеліс бар. Бірақ, соған бола асылып өлу деген кінәңді мойындағанмен бірдей ғой. 15 күндей жаттым.  Біраз "бөлекшелеу" адамдар жүрді. Бірақ, өзім жеке бөлмеде жаттым. Олар мені танып жатса да, танымаса да мен көбіне палатадан шықпадым", — дейді.

 

Соңғы жаңалықтар