Прагада «Анаға арналған жұмақ» пен «Жиде. Кеш келген махаббат» атты қазақ фильмдері көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прагада «Анаға арналған жұмақ» пен «Жиде. Кеш келген махаббат» атты қазақ фильмдері көрсетілді

Прагада «Анаға арналған жұмақ» пен «Жиде. Кеш келген махаббат» атты қазақ фильмдері көрсетілді

Прагада Ресей, Әзербайжан және Белоруссия кинематограф­шы­ларының, танымал режиссерлері мен продюсерлерінің қатысуымен өткен «ТМД елдерінің Чехиядағы кино күндері» халықаралық кино фестивалі шеңберінде «Анаға арналған жұмақ» пен «Жиде. Кеш келген махаббат» атты қазақ фильмдері көпшілік назарына ұсынылды.

  • 21 Маусым 2012
  • 1380
Фото - Caravan.kz

«Анаға арналған жұмақ» (режиссері Ахтан Арым Құбат) — Орынборда өткен «Шығыс-Батыс» Халықаралық кинобайқауының Гран-при жүлдесіне ие болған және Висбаденде (Германия) XII Халықаралық кино фестивалінің «Көркемділік ерекшелігі үшін» номинациясы бойынша үшінші сыйлықты еншілеген туынды. Латвия, Литва, Эстонияның 20-шы «Киношок» ашық кино фестивалінің екі наградасын жеңіп алған Сәбит Құрманбековтың «Кеш келген махаббат» атты картинасы да көрермендер ықыласына бөленді.

Қазақстанның қазіргі заманғы кинематографиялық өнерін шетелдіктерге ұсынуға қолдау жасаған Қазақстан Республикасының Чехиядағы елшілігі мәдени іс-шара барысында фестивальге қатысушыларға ұлттық тағамдардан шағын дастарқан жайды, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

Перейти к новостям спорта