Дүниежүзілік бәсекеде 130 киләда күш сынасқан облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы, белгілі бапкер Мүсілім Оңдағанов, 80 киләда атақты балуан, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, әлем кубогінің иегері Сергей Волобуев қарсыластарының бәрін жығып, чемпионат атанды. Сондай-ақ жас ерекшеліктеріне қарай кілемге шыққан Бердіғали Төлегенов (68 килә), Қамеш Исмағұлов (82 килә), Рамазан Нұрмашев (74 килә), Мұхамбетжан Төреғалиев (82 килә), Тарих Төлегенов (74 килә) алтыннан алқа тақты. Сатыбалды Бекбаев пен Қуаныш Әбуов қола жүлдегер атанды.