Қазақстандық дипломаттар жиналғандарды елдің тәуелсіздік жылдарындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі жетістіктерімен, сондай-ақ азаматтардың мемлекетке деген сенімнің деңгейін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан реформалармен егжей-тегжейлі таныстырды.
Чехиялық экономист, белгілі «E15» басылымының шолушысы Ян Столар: « Қазақстандағы оң экономикалық өзгерістерді көріп отырмын, бұл нағыз жетістік тарихы. Тәуелсіздік жылдарындағы экономиканың өсуі таң қалдырады. Барлық қиындықтарды жеңе отырып, мемлекет өзінің дамуының жаңа деңгейіне жетіп, жаңа биіктерге көтерілді. Бүгін біз пандемияның әлемдік экономиканың дамуына өзіндік із қалдырғанын көріп отырмыз. Алайда, қазіргі қиындықтарға қарамастан, Қазақстан өзінің экономикалық өсу жолын жалғастырып жатқанын атап өткім келеді, республиканың 2025 жылға дейін есептелген өзінің нақты және расталған стратегиялық даму жоспары бар. Қазақстанның болашағы зор екеніне сенімдімін».
Чехиялық «Halo Noviny» басылымдарының жетекшілері Роман Яноух және «CeskeNoviny» СветозарПлесник өз сөздерінде Қазақстанның саяси рөлін атап көрсетті: «Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық аренада беделді, құрметті мемлекет. Дәлел ретінде 2017–2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның мүшелігі, оған әлемдегі ең ықпалды елдер кіреді. Қазақстан әрқашан ядролық қарусыздануға қатысты әр түрлі ұсыныстар жасап келеді, олар қазіргі кезде де өте маңызды. Сондай-ақ, Қазақстан әлемге әйгілі «ЭКСПО» халықаралық көрмесін өткізді, оның тақырыбы «Болашақ энергиясы» болды. Бүгінде мұнай мен газдың үлкен қорына ие Қазақстан жаңартылатын энергия көздеріне бет бұрды ».
Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар қазақстанның мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы, Қазақстан мен Чехия халықтары арасындағы достық қатынастардың дамуы, сондай-ақ экономиканың жеке секторларының қалыптасуы және ірі инфрақұрылымдық жобалардың қатысуы туралы баяндамалар жасады. Іс-шара барысында екіжақты қатынастарды нығайту тұрғысынан қазақстан-чех сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары және басқа да мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында конференцияға қатысушылар Қазақстан халқын мерейтойлық датамен құттықтап, елімізге өркендеу мен сәттілік тіледі.
Қазақстан тарапынан іс-шараға қатысты: Ұлттық академиялық кітапхананың бас директоры, п.ғ.д., профессор, У.Д.Муналбаева; Мемлекет және құқық институтының әлеуметтік-экономикалық даму тарихы бөлімінің директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, А.М.Ауанасова; М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының докторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы С.В.Ананьева; «Беларуссиялық орталығы Радима» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Д.В.Останкович; Солтүстік Қазақстан әмбебап кітапханасының директоры Б.М.Әбілмәжінов; Шығыс Қазақстан әмбебап кітапханасының библиографы О.Д.Кайсина.