Праганың Карлово университетінде «Қазақстан Еурзияның жүрегінде» атты көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Праганың Карлово университетінде «Қазақстан Еурзияның жүрегінде» атты көрме ашылды

Праганың Карлово университетінде «Қазақстан Еурзияның жүрегінде» атты көрме ашылды

Чехияның байырғы жоғары оқу орындарының бірі, ірі білім және ғылым мекемесі - Праганың Карлово университетінде ағымдағы жылдың 7 ақпанында екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынасқа 20 жыл толуына орай «Қазақстан Еуразияның жүрегінде» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

  • 11 Ақпан 2013
  • 463
Фото - Caravan.kz

Осы кезең ішінде екі мемлекет сенімге негізделген достық қарым-қатынастарды орнатты.

Бұл туралы Чехиядағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР елшілігі және жоғары оқу орнының жаратылыстану факультетінің география секциясы ұйымдастырылған көрмеге дипломаттар, жетекші жоғары оқу орындарының және Чехия БАҚ өкілдері, сондай-ақ студенттер қатысты.

Сонымен бірге көрмеде танымал қазақстандық суретші, Сурет өнері академиясының құрметті мүшесі (Прага, Чехия) Лейла Махаттың экспозициясы қойылды.

Аталмыш «Қазақстан Еуразияның жүрегінде» атты көрме ағымдағы жылдың 17 наурызына дейін созылады.

Перейти к новостям спорта