Премьер КО Қазақстан экономикасы үшін тиімді деп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер КО Қазақстан экономикасы үшін тиімді деп отыр

Премьер КО Қазақстан экономикасы үшін тиімді деп отыр

ҚР премьер-министрі К.Мәсімов Кедендік одақтың еліміз үшін тиімді екенін түсіндірді.

  • 15 Шiлде 2011
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Кедендік одақ құрылғанынан Қазақстандағы бизнес және қазақстандық экономика ұта ма? Оған мен бірден «ұтады» деп айтқым келеді. Ол Қазақстан мен Ресей арасында кедендік шекараның алынып тасталуының арқасында бизнес, ешқандай кедендік декларацияны толтырмай-ақ тауарларын еркін қозғалта алатындығында көрініс табады», — деді ол жұма күні zakon.kz сайтындағы онлайн конференциясы барысында.

Одан басқа, премьердің бағалауынша, Кедендік одақ нарықты кеңейтуімен пайдалы.

«Біз индустриалдауды толығымен жүзеге асыруымыз үшін және шетелдік инвестицияларды шикізаттық емес салаларға тарта алуымыз үшін бізге үлкен рынок керек. Біздің жағдайымызда – Ресей және Беларусь нарығы біз үшін өте жаман емес рынок», — деп түсіндірді ол.

«Ресей Федерациясында мүлдем басқаша көзқарас, олар: «Біз неге бәрін қазақтарға беріп жатырмыз? Біздің барлық бизнесіміз сонда кетеді» дейді. Бізде көптеген бағыттағы салық бір дәрежеге төмен», — деп ҚР үкімет басшысы айтып берді.

Кедендік одақты құрудан Қазақстан үшін аталған барлық тиімділік жағдайында, дейді К. Мәсімов, «Қазақстан саяси тәуелсіз мемлекет болып қала береді, Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ тілі және валютасы сол теңге болып қала береді».

«Мен оны Мәскеуде үш мемлекеттің бизнес өкілдері мен үкімет басшыларының қатысуында мінбеден айтқанмын», — деп атап көрсетті ол.

Соңғы жаңалықтар