Премьер-министр бірыңғай уақыт белдеуі өзгермейтінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр бірыңғай уақыт белдеуі өзгермейтінін айтты

Премьер-министр бірыңғай уақыт белдеуі өзгермейтінін айтты

Уақыт белдеуіне адам да, ағза да үйренеді дейді Олжас Бектенов.

  • 20 Желтоқсан 2024
  • 8
Фото - Caravan.kz

Он миллион адам қарсы болған уақыт белдеуі өзгермейтін болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Олжас Бектенов уақыт белдеуіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, қазір әлемнің прогрессивті елдері табиғи уақыт белдеуіне көшуге ұмтылып жатыр.

«Шешім Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де жүргізілген өте терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданды. 2017 жылы америкалық ғалымдар тобы адамның циркадтық ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығымен марапатталды. Бұл зерттеуде ғалымдар табиғи уақытта өмір сүрген кезде адам үшін ең жақсы және пайдалы екенін дәлелдеді. Сондықтан қазір әлемнің прогрессивті елдері табиғи уақыт белдеуіне көшуге ұмтылуда. Қазақстан үшін табиғи уақыт белдеуі – біз қазір өмір сүріп жатқан UТC+5 болып табылады«, — деді ол.

Сондай-ақ Олжас Бектенов ағзаның барлығына біртіндеп үйренетінін жеткізді.

«Кезінде еліміз директивалық тәртіпте біз үшін табиғи емес белдеуге ауыстырылды. Қазір, керісінше, біз уақытты күн цикліне сәйкес келтірдік. Мен бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу кейбір адамдарға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін екенін түсінемін. Ағза біртіндеп үйренеді. Осындай шешім қабылданды. Егер өңірлерде қандай да бір қолайсыздықтар болса, біздің еңбек заңнамамыз мүмкіндік беретін инфрақұрылымды, жарықтандыруды, ыңғайлы кестені ұйымдастыру арқылы жұмыс істеу қажет. Осы мәселелердің барлығын әрі қарай шешетін боламыз», — деп атап өтті Премьер-министр.

Олжас Бектенов уақытты ауыстыру Нобель сыйлығының лауреаттарының ғылыми шешімі негізінде қабылданғанын айтты. 2017 жылы америкалық ғалымдар тобы адамның циркадтық ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығымен марапатталды. Табиғи уақытқа сәйкес өмір сүрудің пайдасы анықталған. Осы жұмыстың және басқа да ғылыми зерттеулердің негізінде 2022 жылы 80-нен астам елдің ғалымдары мен мемлекет қайраткерлері қол қойған Барселона декларациясы қабылданды.

Премьер-министр өзі сапармен барған Қостанай облысының тұрғындарына және барлық қазақстандықтарға осы маңызды шешімді түсініп, қолдағаны үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны әрі заңгер Серікжан Ахметжанов бұрынғы уақытты қайтаруды талап етіп, сотқа шағым түсірген еді. Сот заңгердің талаптарын қанағаттандырмады. Осылайша Шығыстың тұрғыны Үкіметтен жеңіліп қалды.

Перейти к новостям спорта