Премьер-министр Олжас Бектенов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр Олжас Бектенов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті

Премьер-министр Олжас Бектенов АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтпен кездесті

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, цифрландыру, жасанды интеллект және ғарыш саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

  • 10 Сәуiр
  • 3
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қаралды.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылдың қараша айындағы Вашингтонға сапары елдер арасындағы экономикалық әріптестіктің ауқымын айқын көрсеткенін атап өтті. Жалпы сомасы $17 млрд болатын қол қойылған 29 келісім экономикалық байланыстардың кеңеюіне елеулі серпін берді. Қазақстан Үкіметі қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға басымдық береді.

«Қазақстан-Америка ынтымақтастығы бүгінде қарқынды дамып келеді. Оның негізінде стратегиялық көзқарасы біздің бірлескен жұмысымызға практикалық сипат беретін мемлекеттеріміздің  көшбасшылары арасындағы берік қарым-қатынас жатыр. Біз жоғары саяси деңгейдегі тығыз диалог екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету үшін одан әрі қолайлы жағдай туғызады деп сенеміз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Біздің елдер арасында бұрын-соңды болмаған қатынастар қалыптасты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың Бейбітшілік кеңесі және Ибраһим келісімдері жөніндегі бастамасына қатысты нақты ұстанымын білдірді. Мұның барлығы да – тарихи әрі серпінді бастамалар. Қолдау көрсеткені үшін Америка Құрама Штаттары мен Президент Трамп Қазақстанға алғыс білдіреді», — деп атап өтті Джули Стаффт.

2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы $3,19 млрд-қа жетті, ал 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларында $487,4 млн-ды құрады. Кездесуде АҚШ-тың Қазақстан экономикасындағы негізгі стратегиялық инвесторлардың бірі ретіндегі маңызы атап өтілді. Қазіргі уақытта елімізде америкалықтардың қатысуымен 600-ден астам компания табысты жұмыс істеп жатыр. Қазақстандық нарықта Chevron, ExxonMobil, Amazon, Citi, Wabtec, John Deere, Boeing, Oracle, PepsiCo және Mars сияқты компаниялардың болуы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін растайды.

Кездесу барысында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі реформалау мен жаңартуға негіз болған жаңа Конституцияның ережелерін жүзеге асыруға да назар аударылды. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Ата заңымыз саяси тұрақтылықты нығайтып, мемлекет пен қоғамның үдемелі дамуы үшін берік негіз құратынын атап өтті. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ басым бағыттар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бейілділігін растады.