Облыстағы жұмыс сапары барысында 3-ЖЭО-ын аралап көрген үкімет басшысы, облыс әкімін «Қарағандыдағы 3-ЖЭО-ның қуатын ұлғайту мәселесі бүгін кешкісін шешілетін болады»,- деп сендірді.
ЖЭО-нің қуатын ұлғайту қажеттілігі туралы мәселе Қарағандыда орын алған жылу және электр энергиясының тапшылығымен байланысты туындап отыр. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Әлімовтың ақпаратына жүгінсек, қазіргі таңда қала сағатына 300 Гкал көлемінде жылу энегриясының тапшылығын көруде, тіпті алдағы үш жылда бұл көрсеткіш сағатына 500 Гкал-ға жетеді. Электр қуатының тапшылығы 500 МВт құрайды, жыл сайын бұл көрсеткіш артып келеді. «Мұның бәрі өнеркәсіптің, бизнестің дамуына, аймақтағы мемлекеттік тұрғын үйді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға кедергі болуда»,- деп мәлімдеді Е. Әлімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті