Жарияланды: 400

Премьер-министр Байқоңырға ат басын тіреді

Премьер-министр Серік Ахметов бейсенбі күні Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Байқоңыр ғарыш кешеніндегі әйгілі «Гагарин стартында» болды.

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, С.Ахметов ғарыш айлағындағы Байқоңырдың ғарышкерлік тарихы мұражайында болып, тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин мен академик Сергей Королевтің мемориалдық үйлерін аралады. Сонымен қатар, премьер Байқоңыр қаласындағы «В.Н.Челомей атындағы халықаралық ғарыш мектебіне» барып, оқушылар жасаған шағын аппараттарын ұшыру сәтіне куә болды. Сондай-ақ, С.Ахметов қала әкімшілігі басшысының өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші туралы баяндамасын тыңдады. Түстен кейін үкімет басшысы облыс орталығы - Қызылорда қаласына барады деп жоспарлануда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін