Тараптар операциялық қызмет мәселесін, сондай-ақ компанияның Қазақстандағы инвестициялық бағдарламасын талқылады.
"Біз, Қазақстан үкіметімен ынтымақтастыққа сенім артамыз және өз тарапымыздан Қазақстан аумағында барлық жобалар жүзеге асуы үшін барлық қажетті жағдайды жасаймыз және барлық мүмкіндікті саламыз" деп сендірді Д. Кукси.
Премьер-министр компанияны дамыту жоспарына қолдау білдірді, сондай-ақ жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін компания басшылығын ҚР үкіметімен тығыз ынтымақтастыққа шақырды.