Премьер-министр Францияда жұмыс сапарымен жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр Францияда жұмыс сапарымен жүр

Премьер-министр Францияда жұмыс сапарымен жүр

Еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Францияда, Парижде жұмыс сапарымен жүр. Бүгін Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) комитеттерінде байқаушы мәртебесін алуға өтінішін таныстырады, деп хабарлайды http://pm.kz сайты.

  • 22 Қараша 2011
  • 424
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Францияға жасаған ресми сапарының аясында К.Мәсімов ЭЫДҰ Бас хатшысы Анхел Гурриамен кездесіп, Қазақстанның Ұйымға мүше болу ниетін жария еткен еді.

ЭЫДҰ барлық экономикалық мәселелер бойынша, оның ішінде G7 және G20 аясындағы экономикалық мәселелер бойынша көпжақты келіссөздерге арналған ең беделді форумның бірі болып табылады. Бүгінде Ұйымға 34 ел — АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Еуроодақ елдері, Канада, т.б. елдер мүше. ЭЫДҰ-на мүше елдер мен Ұйыммен қарқынды ынтымақтастық орнатқан елдер (барлығы 40 мемлекет) әлемдік сауда-саттық пен инвестицияның 80 пайызын қамтып отыр.

2010 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Үкіметінің жанынан ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылды, кеңес аталмыш ұйыммен ынтымақтастықта түрлі жобаларды жүзеге асыруды үйлестірумен айналысады. 2011 жылдың тамыз айында өткен отырыста ҚР Үкіметі бақылаушы ретінде ЭЫДҰ-ның төрт комитетіне қосылудың бағыттарын бекітті.

Перейти к новостям спорта