Премьер-министр испан компанияларын бірлескен жобаларға қатысуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр испан компанияларын бірлескен жобаларға қатысуға шақырды

Премьер-министр испан компанияларын бірлескен жобаларға қатысуға шақырды

Қазақстан Иаспания бизнесмендерін түрлі салалардағы бірлескен жобаларға белсенді атсалысуға шақырады, деп үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

  • 17 Маусым 2011
  • 380
Фото - Caravan.kz

«Испан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жоғары. Сіздің компаниялар Қазақстанға келіп, бірлескен кәсіпорындар құру арқылы Қазақстанның әрі қарай өрлеуіне, екі ел экономикасының дамуына ықпал ете алады», — деді К.Мәсімов жұма күні Испания премьер-министрі Хосе Луис Родригес Сапатеромен кездесуде.

Үкімет басшылары келіссөздер барысында «Қазақстан мен Испания арасындағы өзара байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады».
Испания премьері Астана мен Мадрид бірлескен кәсіпорындар құрып, ортақ жобаларды жүзеге асыру арқылы ғаламдық қаржы дағдарысына төтеп бере алатынын айтты.
«Біз сіздің ел үкіметі ұсынған жобаларға қатысып, табысқа қол жеткізуге бел будық», — деді Сапатеро. Келіссөздерден кейін екіжақты 8 келісімге қол қоямыз, деп қосты ол.
Х.Сапатероның пікірінше, Испания мен қазақстан энергетика, құрылыс, транспорт, өнеркәсіп, қоршаған ортаны қорғау және ақпараттандыру салаларында ынтымақтастық орната алады.

Соңғы жаңалықтар