Жарияланды: 370

Премьер-министр кәсіпкерлердің проблемаларын шешу тәсілдерін әзірлеуді тапсырды

Премьер-министр Серік Ахметов бейсенбі күні Шымкенттегі Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында болды.

Үкімет басшысы елдегі екі КҚКО-ның жұмыс тәжірибесін пайдаланып, кәсіпкерлердің проблемаларын шешу тәсілдерін әзірлеуді тапсырды. С.Ахметов желтоқсан айында «Алматы мен Шымкенттегі КҚКО-тарының тәжірибесі туралы, кәсіпкерлер жиі кезігетін проблемалар мен олардың қалай, қандай мерзімде шешіліп жатқанын саралап, барлық тәртіптемелерді жеңілдету туралы ұсыныстар» әзірлеуді тапсырды. Премьер-министр ОҚО-на сапары барысында облыстың 80 жылдық мерейтойына бағышталған іс-шараларға қатысып, Бәйдібек би ескерткішіне ат басын бұрады. Түркістандағы қайта салынған М.Жұмабаев атындағы мектеп, Кентаудағы қайта қалпына келтірілген «Кентау-Сервис» кәсіпорнының ЖЭО және трансформатор цехындағы жаңалықтармен таныспақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін