Жарияланды: 310

Премьер-министр Маңғыстау және Атырау облыстарының даму барысымен танысады

Премьер-министр Серік Ахметов осы аптада еліміздің батыс өңірлеріне аттанады, деп президент жанындағы Орталық коммуникациялар орталығының ресми өкілі Алтай Әбиболлаев мәлім етті.

«Премьер-министр Серік Ахметов қарашаның 21-і мен 22-сі күндері жұмыс сапарымен Маңғыстау және Атырау облыстарына барады», - деді ол дүйсенбі күнгі брифингте. Сапар барысында С.Ахметов аталған аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуымен және мемлекеттік салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысады. 20-қарашада премьер-министр үкімет отырысын өткізеді. Онда президенттің жастар саясаты жөнінде берген тапсырмаларының орындалу жайы талқыланбақ. Сонымен қатар, үкімет басшысы осы аптада қаржылық-экономикалық даму мәселелеріне арналған бірқатар кеңестер өткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін