Премьер-министр Маңғыстау және Атырау облыстарының даму барысымен танысады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр Маңғыстау және Атырау облыстарының даму барысымен танысады

Премьер-министр Маңғыстау және Атырау облыстарының даму барысымен танысады

Премьер-министр Серік Ахметов осы аптада еліміздің батыс өңірлеріне аттанады, деп президент жанындағы Орталық коммуникациялар орталығының ресми өкілі Алтай Әбиболлаев мәлім етті.

  • 19 Қараша 2012
  • 298
Фото - Caravan.kz

«Премьер-министр Серік Ахметов қарашаның 21-і мен 22-сі күндері жұмыс сапарымен Маңғыстау және Атырау облыстарына барады», — деді ол дүйсенбі күнгі брифингте.

Сапар барысында С.Ахметов аталған аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуымен және мемлекеттік салалық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.
20-қарашада премьер-министр үкімет отырысын өткізеді. Онда президенттің жастар саясаты жөнінде берген тапсырмаларының орындалу жайы талқыланбақ. Сонымен қатар, үкімет басшысы осы аптада қаржылық-экономикалық даму мәселелеріне арналған бірқатар кеңестер өткізеді.

Соңғы жаңалықтар