Премьер-Министр Мемлекет басшысына Индустриялық-инновациялық форумның аясында өткізіліп жатқан негізгі шараларды таныстырды
Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа дүйсенбі күні «Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз!» Индустриялық-инновациялық форумының аясында өтіп жатқан негізгі шараларды таныстырды, |
деп хабарланды Facebook.com сайтында. Форум елордалық «Көрме» орталығында өтіп жатқанын ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын.
Форумның аясында «Қазақстандық қамту-2011» көрмесі, Индустрияландыру картасының 75 жобасының таныстырылымы, республика аймақтарынан телекөпір және «Қайратты көшбасшы - қуатты бизнес» деген тақырыпқа арналған форум өтті.
Елбасы отандық 150-ден астам кәсіпорын мен компания қатысқан және шағын және орта бизнестің, салалық бірлестіктердің, ұлттық компаниялардың өнімдері мен технологиялары қойылған «Қазақстандық қамту-2011» көрмесін аралады.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Индустрияландыру картасына енген жобалардың таныстырылымына қатысты. Облыс әкімдері Елбасына Картаға еніп отырған және 2011 жылдың І жартысында пайдалануға берілген жалпы құны 114 миллиард теңгенің 75 инвестициялық нысанды таныстырды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін