Жарияланды: 470

Премьер-министр қаза тапқан шекарашылардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты

Премьер-министр Серік Ахметов Шымкент маңындағы әуе апатынан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

«Кеше Шымкентке таяған жерде ҚР Шекара қызметінің әскери-тасымал ұшағы апатқа ұшырады. 27 адам қаза тапты, олардың арасында ҚР ҰҚК Шекара қызметі басшылығы мен әскерилер бар», - деді С.Ахметов, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі. «Бұл олардың туыстары мен жақындары, еліміздің Қарулы күштері үшін орны толмас қасірет. Бұл барша қазақстандықтардың қасіреті. Әуе апатында қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғырып, көңіл айтамын», - деп атап өтті ол. Бұрын хабарланғандай, сейсенбі күні кешкі сағат 18:55-те Шымкентке таяған жерде Ан-72 әскери ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Борттағы 27 адамның бәрі қаза тапты. Олардың арасында ҰҚК Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқарушы Тұрғанбек Стамбеков пен оның зайыбы да болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін