Премьер-министр Қазақстанда бизнесті жүргізуді оңайлату жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министр Қазақстанда бизнесті жүргізуді оңайлату жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Премьер-министр Қазақстанда бизнесті жүргізуді оңайлату жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстанда бизнес қызметін дамытуға ықпал ететін кейбір нормативтік құқықтық актілерге қажетті түзетулер мен өзгерістер енгізу үшін бизнесті жүргізуді оңайлату жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Ол Шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергіні жою және бизнес-климатты жақсарту жөніндегі комиссияның отырысында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 16 Қыркүйек 2008
  • 406
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында сондай-ақ «Doing Bussiness» Әлемдік банктің 2008 жылғы жағдай бойынша 2009 жылдың рейтингісі көрініс тапқан жыл сайынғы есептің қорытындысы қаралды және Қазақстанда бизнес ортаны жетілдіру мәселесі талқыланды.

Комиссия мүшелері шағын және орта бизнес үшін жағдайды жақсартуға және әкімшілік кедергіні жоюға бағытталған «гильотин» әдістемесін қолдану жобасының таныстырылымы қаралды.

ҚР үкіметі жанынан құрылған және ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган болып табылатын комиссияның негізі мақсаты мемлекет пен бизнес қоғамдастығы тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға кедергі болатын әкімшілік кедергіні жою жөнінде шаралар мен үйлестіруші позиция әзірлеу болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар