Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, премьер-министрдің кандидатурасы таяу күндері ұсынылады.
“Уақыты келгенде білесіздер. Қазір мен оны ашып айта алмаймын. Мемлекет басшысына кандидатураны (премьер-министр кандидатурасы) таяу күндері ұсынатын боламыз. Мүмкін ертең не арғы күні. Қазір процедурасын пысықтап жатырмыз. Президентпен кездесуде ұсынатын шығармыз және жалпы отырыста келісімімізді береміз", — деді Мәжіліс төрағасы БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Ерлан Қошанов дәл қазір Үкімет басшысына мына кандидатты ұсынамын деп айту орынсыз болатындығын баса атап өтті.
"Партия төрағасы ретінде ол — үлкен жауапкершілік. Партия фракциясында ақылдасуымыз керек. Содан кейін мен сіздердің алдыларыңызға шығып не болмаса тиісті процедуралар арқылы сауалдарыңызға жауап беремін", — деді Мәжіліс төрағасы.