Премьер-министрдің қатысуымен Қазақстанның Әуе кеңістігін қолдануды бақылау және әуе қозғалысын басқару жүйелерінің біріккен үйлестіру орталығының тұсаукесері болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьер-министрдің қатысуымен Қазақстанның Әуе кеңістігін қолдануды бақылау және әуе қозғалысын басқару жүйелерінің біріккен үйлестіру орталығының тұсаукесері болып өтті

Премьер-министрдің қатысуымен Қазақстанның Әуе кеңістігін қолдануды бақылау және әуе қозғалысын басқару жүйелерінің біріккен үйлестіру орталығының тұсаукесері болып өтті

Астана. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласының халықаралық әуежайында бүгін ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Әуе кеңістігін қолдануды бақылау және әуе қозғалысын басқару жүйелерінің біріккен үйлестіру орталығының тұсаукесері болып өтті. Іс-шараға ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің, "Қазаэронавигация" РМК және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Қыркүйек 2008
  • 571
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көліктік стратегиясына» сәйкес, «2007-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесін дамыту Концепциясы» дайындалып, бекітілді. Осы Концепцияда Әуе қозғалысын басқару орталығын құрып, пайдалануға беру қарастырылған болатын. Орталықты қажетті құрал-жабдықпен америкалық «Локхид Мартин» компаниясы қамтамасыз етті. Құрал-жабдықпен қамтамасыз ету туралы келісім-шарт «Қазаэронавигация» РМК мен «Локхид Мартин» компаниясы арасында 2007 жылы жасалды.

Орталықтың басты міндеттерінің бірі — Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін қолдану тәртібі бұзылған жағдайда қолға алынатын іс-шараларды үйлестіру, сонымен қатар, төтенше жағдайларда (техногенді апаттар, авиация жұмысына заңсыз қол сұғушылық, лаңкестік қауіптер, апатқа ұшыраған әуе кемелерін іздеу және құтқару, т.б.) авиациялық органдардың өзге министрліктер және ведомстволармен бірігіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Орталық — қазіргі заманға сай аппаратты-бағдарламалы кешен. Ол Астана қаласы әуежайының диспетчерлік «Мұнарасының» ғимаратында орналасқан. Бір мезгілде он-лайн тәртібінде біртұтас экраннан Қазақстанның әуе кеңістігіндегі барлық әуе кемесін көруге болады. Әлдебір әуе кемесі апатты жағдайға тап болса, Орталық сол ұшақтың экипажына жедел көмек көрсетіп, оның дәл орналасқан жерін анықтайды.

Мұндай орталық ТМД елдерінде қазіргі таңда жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар