Жарияланды: 2100

Президент 14 желтоқсан күні халыққа жолдау арнайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұма, 14 желтоқсан күні республика халқына жолдау арнайды. «Ертең Астананың жаңа опера және балет театрында мен сөз сөйлеп, құттықтаймын, сол жерде келесі жылға халыққа жолдауымды арнамақпын», - деп Елбасы Н.Назарбаев бүгін Астанада бірқатар қоғамдық-саяси қайраткерлерге мемлекеттік награда тапсыру салтанатында атап көрсетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін