Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заңға енгізілген өзгерістердің басты мәні — мемлекет басшысының жолдауына сәйкес «мемлеттік базалық зейнетақы төлемі» атты жаңа ұғымның енгізілуіне байланысты. 2005-жылдың 1-шілдесінен бастап зейнет жасына жеткендерге 3 мың теңге мөлшерінде зейнетақы қосылады.
Сонымен бірге заң жобасына зейнетақы жинақтау жүйесін жетілдіруге, соның ішінде зейнетақы активтерін басқару және салымшылар құқығын қорғауды күшейтуге бағытталған нормалар енгізілді. Ал инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын компаниялар мен зейнетақы активтерін өз бетімен басқарушы зейнетақы жинақтаушы қорлар белгілі бір кіріс деңгейін қамтамасыз етуі тиіс екенін заңдастырған норма енгізілді.
Зейнетақы жинақтау жүйесінің барлық салымшылары туралы біртұтас мәліметтер қорын құру үшін Мемлекеттік зейнетақы төлемдері орталығының негізінде біртұтас есеп орталығы құрылмақшы.