Президент 2005-жылдан бастап елімізде балалар мен жүкті әйелдерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үрдісін енгізуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент 2005-жылдан бастап елімізде  балалар мен жүкті әйелдерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үрдісін енгізуді ұсынады

Президент 2005-жылдан бастап елімізде балалар мен жүкті әйелдерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үрдісін енгізуді ұсынады

2005-жылдан бастап елімізде 1-5 жас аралығындағы балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үрдісін енгізу қажет. Бұл туралы бүгін, 3-қарашада үшінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Қараша 2004
  • 491
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаевтың айтуынша, диспансерлік тіркеуде тұрған жасөспірімдер мен балалар, сондай-ақ, жүкті әйелдер де тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен бірге, президенттің пайымдауынша, 2005-жылдан бастап еліміздегі ересек тұрғындарды жыл сайын тегін профилактикалық дәрігерлік байқаудан өткізіп отыру үрдісін енгізу қажет, ол үшін дәрігерлік мекемелердің жұмысына қолайлы жағдайлар тудыру талап етіледі.

Мемлекет басшысы 2004-жылы Қазақстан халқының саны «табиғи өсім есебінен 15 миллиондық межеден қайтадан асқанын» еске салды. Дегенмен, Елбасының пайымдауынша, «туылу көрсеткішін арттыру және өлім көрсеткішін азайту тұрғысынан алып қарағанда тұрғындар санының өсімі проблемасы бәрібір сақталып отыр».
Осыған байланысты Н.Назарбаевтың пайымдауынша, алдағы бес жылда республиканың барлық аймақтарындағы құрт ауруына қарсы күрес мекемелері мен перзентханаларға қатысты сұранысты толыққанды қамтамасыз етіп, еліміздегі барлық көп бағытты ауруханаларды күрделі жөндеуден өткізу қажет. «Бұған қоса дәрігерлердің әлеуметтік мәртебесі мен қоғамдағы беделін көтеру арқылы олардың жауапкершілігін арттыру қажет»,- деді Н.Назарбаев. Ол үшін, президенттің пікірінше, «келесі жылдан бастап екі жыл бойы сатылы түрде дәрігерлердің жалақысын көтеру қажет».
«Еліміздегі денсаулық сақтау жүйесін дамытумен бірге халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауды күшейтіп, денешынықтыру мен спортты дамыту қажет»,- дейді президент. «Біз ұлт денсаулығын қамтамасыз ету мәселесіне осындай кең ауқымда талпынатын боламыз»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта