«2006-жылдан бастап мемлекеттік мекемелердің іс-қызметін рейтинг негізінде бағалау жүйесін енгізу қажет»,- деді Н.Назарбаев.
Президент «еліміздегі әкімшілік реформаларды одан әрі жалғастыру қажет», деп атап өтті. «Мемлекеттік аппараттың жұмыс істеу идеологиясын өзгертіп, оны бірінші кезекте кәсіпкерлікті дамытуға, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағыттау керек»,- деді ол.
«Қазіргі жағдаймен әкімшілік реформалардың ұйымдастырушылық құрылымы мен нормативтік-құқықтық базасы қалыптасты. Енді реформаларды пәрмендендіріп, оны мазмұндық тұрғыда байыту қажет. Мемлекеттік мекемелердің қызметін ведомстволық бағыттан бұрып, тұрғындардың нақты мұқтаждығына бейімдеу қажет»,- деді Н.Назарбаев. Президенттің пайымдауынша, ол үшін «барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару процестері мен процедураларды одан әрі өзгерте жетілдіру қажет». «Мұндай трансформация әрбір мемлекеттік мекемені нақты бағаланатын нәтижелеріне қарай бағалауға мүмкіндік береді»,- деді Н.Назарбаев.