«Үкіметке жылдың алғашқы жартысында еліміздің шығыс және оңтүстік бөлігінде тағы да екі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құруды тапсырамын», деді мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешен мәселесіне арналған республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде.
«Қазір біз пилотты бірінші ұйым — «Сары- Арқаны» құрдық. Соның негізінде даму институттарымен және «Атамекен» одағымен бірлесіп әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы қысқа мерзімде нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыра бастау қажет»,- деді Н.Назарбаев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жалпы еліміз аумағында жеті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құру көзделген. Корпорациялар аймақтық даму институттарына айналып, облыстар экономикасының өсуіне серпін беруге тиіс. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өз пайдасының біәр бөлігін әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға арнауға тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті