Президент 2007-жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент 2007-жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерге қол қойды

Президент 2007-жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Шiлде 2007
  • 358
Фото - Caravan.kz

Заңға сәйкес, 2007-жылға арналған республикалық бюджеттің жалпы түсімдері 2098,2 млрд теңге, шығындары — 2369,4 млрд теңге, бюджет тапшылығы бұрынғыдай 271,2 млрд теңге болмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007-жылға арналған республикалық бюджеттің болжамдық тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің 1,2 процентіне дейін, немесе 126 млрд теңгеге арттырылып, 271,2 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Бюджет түсімдерінің болжамын үкімет 76,5 млрд теңге — 2088,1 млрд теңгеге дейін, немесе ЖІӨ-нің 16,8% көлемінде нақтылады. Ал бюджет шығындарын 2359,2 млрд теңге (ЖІӨ-нің 18%) деңгейінде қалдыру ұйғарылды. Қосымша шығындар мемлекет басшысының «Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыруға байланысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті