Президент әдебиет пен өнер саласындағы 2008 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент әдебиет пен өнер саласындағы 2008 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы жарлыққа қол қойды

Президент әдебиет пен өнер саласындағы 2008 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы жарлыққа қол қойды

Астана. 26 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев әдебиет пен өнер саласындағы 2008 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 26 Қараша 2008
  • 440
Фото - Caravan.kz

Қаулы мәтінінде атап көрсетілгеніндей, «Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын қарап, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы Мемлекеттік сыйлығы мыналарға берілсін деп қаулы етемін:

2004-2007 жылдардағы концерттік бағдарламалары үшін әнші Майра Мұхамедқызына; Астана қаласындағы «Дөңгелек алаң» сәулет кешені үшін жоба жетекшісі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековке; бас сәулетші Сәрсембек Ендібайұлы Жүнісовке; сәулетші Баир Фарденұлы Досмағамбетовке; сәулетші Александр Якубович Беловичке; сәулетші Николай Васильевич Борискинге».

Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар