Президент агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы заңға қол қойды

Президент агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы заңға қол қойды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Шiлде 2005
  • 464
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заңның мақсаты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекелестік қабілетін арттыруға жағдай жасау, ауылдық аумақтарды кешенді дамытуға және ауыл тұрғындарына қалыпты тіршілік ету мүмкіндігін тудыруға бағытталады.

Заң агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуға басымдық беруді құқықтық тұрғыда қамтамасыз етуді реттеуге, мемлекеттік қолдау шаралары мен түрлі деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің құзыретін реттеуге бағытталады.
Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекет тарапынан қолдаудың заңда көрсетілген бағыттарын қаржымен қамтамасыз ету мәселелері саланы дамытудың алдағы жылға арналған тұжырымдамасы мен Бюджеттік кодекс талаптарына сәйкес жыл сайын қаралатын болады.
Заңды жүзеге асыру нәтижесінде ауылшаруашылығы өнімдері мен оларды өңдеу өнімдерінің сапасы мен өнім мөлшерін арттыру көзделуде. Сонымен бірге заң жобасындағы ережелер ауылшаруашылығы саласына Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту жағдайына бейімделуге жәрдемдеседі деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта