Президент АЭС құрылысын жеделдету туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент АЭС құрылысын жеделдету туралы айтты

Президент АЭС құрылысын жеделдету туралы айтты

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

  • 24 Желтоқсан 2024
  • 13
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды.

Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум өткен.

Референдумда 7 820 204 адам дауыс берді. 5 миллионнан аса адам АЭС құрылысын қолдаған.

АЭС-ті кім салатыны 2025 жылдың бірінші жартысында белгілі болады. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты. Ол негізгі әдіс-тәсілдерді жобалау 3 жылға, құрылыс 8-14 жылға созылатынын айтты.

Перейти к новостям спорта