Президент әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Президент әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Шiлде 2006
  • 399
Фото - Caravan.kz

Заң арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығына ие Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар мен басқа санаттағы азаматтарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін арттыруға, сондай-ақ, зейнетақылар мен жәрдемақыларды “ай-айында төлеу” принципіне көшуді іске асыруға бағытталады.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды көбейтуге 2006- жылы республикалық бюджеттен 777,8 млн. теңге бөлу көзделуде.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды көбейту, зейнетақылар мен жәрдемақыларды “ай-айында төлеу” принципіне көшу Елбасының 2006-жылғы 1-наурыздағы Қазақстан халқына арнаған жолдауына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

Перейти к новостям спорта