«Алматыны дүниежүзі халықаралық деңгейде кең көлемді қаржылық қызмет түрлерін көрсететін аймақтық орталық ретінде қабылдауға тиіс»,- деді президент.
Н.Назарбаевтың пікірінше, «елімізде қаржылық операциялар жүргізуге қажетті барлық қолайлы жағдайларды жасау, қаржылық қызметтердің сапасы мен деңгейін біршама көтеру, халықаралық қаржы ағындарымен интеграциялану қажет». «Сол себепті халықаралық тәжірибені жан-жақты терең зерттеп, Алматыдағы қаржылық орталықты табысқа жеткізетін факторларды анықтап, алға қойған жоспар-мақсаттарды ойламдылықпен іске асырған жөн»,- деді ол.
«Алматыдағы қаржылық орталық Қазақстанда қуатты қаржылық секторды дамыту жолындағы елеулі кезеңге айналуға тиіс»,- деді Н.Назарбаев.
«Келесі жылдың қаңтар айына дейін қажетті барлық заңдарды қабылдап, 2006-жылы жобаны іс жүзінде қолға алу керек. Дүниежүзіндегі ірі қаржылық институтармен сол үшін өзім де жеке келіссөздер жүргізіп жатырмын және елімізде жинақталған қаржы мен мүмкіндіктер бұл идеяны жүзеге асыруға жол ашады деп сенемін»,- деді президент.