Президент Ақтауда жаңа мейманхана кешенін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Ақтауда жаңа мейманхана кешенін ашты

Президент Ақтауда жаңа мейманхана кешенін ашты

23-мамыр күні түстен кейін Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда "Renaissance Aktau Hotel" деп аталатын жаңа мейманхана кешенінің ашылу рәсіміне қатысты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Мамыр 2005
  • 603
Фото - Caravan.kz

Құрылыс жұмыстарын басқарушы директор Ердал Сейхан мемлекет басшысына «Marriott International» желісіне «Ренессанс» брэнді бойынша енетін Қазақстандағы тұңғыш қонақүйді таныстырды. Оның айтуынша, бұл жоба Қазақстандағы мейманхана бизнесіне жұмсалған алғашқы жеке меншік инвестицияның арқасында жүзеге асып отыр. Е.Сейхан мемлекет басшысына «Қазақстанда тұңғыш рет бес жұлдызды қонақүйдің құрылысы инвесторлардың жеке қаржысына жүзеге асқанын, олар мемлекеттің кепілдігінсіз, ұзақ мерзімді тәуекелдерді өз мойнына алғанын» хабарлады.

Renaissance мейманханасының құрылысы «Capital Partners» компаниясының жобасы бойынша Казкоммерцбанктің қаржылық қолдауымен салынды. 120 орынға есептелген «Renaissance Aktau Hotel» мейманханасына жұмсалған инвестиция көлемі 20 млн. долларды құрады. Құрылыс жұмыстары «Bureau Veritas» халықаралық компаниясының бақылауы аясында жүргізілді. Жобаның егжей-тегжейіне қатысты консультатнт ролін де осы компания атқарды. Ал бас мердігер — «Бератекс» ЖШС мейманхана құрылысын салды.
Елбасы жоғары деңгейлі мейманхана құрылысын салу идеясының осылайша жүзеге асуына қолдау білдіре отырып, алдағы жылдары елімізге келетін шетелдік инвестициялардың көлемі артатынына байланысты мейманхана бизнесінен де халықаралық стандарттар сөзсіз талап етіле бастайтынын атап өтті. «Ақтауда осындай жоғары деңгейлі қонақүйдің салынуына қарап Маңғыстаудың болашағын болжамдай беруге болады»,- деді Елбасы.
«Renaissance Aktau Hotel» мейманхана кешенінің құрамында қонақтарға арналған «люкс» сапасы бар 20 бөлме, тамақтану және көңіл көтеруге арналған мейрамхана, шағын бар, террассадағы жазғы алаң, демалуға арналған холл, түнгі клуб, фитнес-залы мен ашық және жабық екі бассейн, ойынхана болмақ.
Қонақүй тек оған келетін қонақтардың ғана емес, жергілікті тұрғындардың да қызығушылығын тудырады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта