Президент Астанада Ақорданың алдындағы алаңдағы еліміздің Жаңажылдық бас шыршасының ашылуына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Астанада Ақорданың алдындағы алаңдағы еліміздің Жаңажылдық бас шыршасының ашылуына қатысты

Президент Астанада Ақорданың алдындағы алаңдағы еліміздің Жаңажылдық бас шыршасының ашылуына қатысты

Астана. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Ақорданың алдындағы алаңдағы еліміздің Жаңажылдық бас шыршасының ашылуына қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 2 Желтоқсан 2008
  • 535
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Жаңа жыл үлкеннің де, кішінің де асыға күтетін айрықша мерекесі екендігін атап өтті. Олардың баршасы жаңа жылға үлкен үміт артып, одан тек жақсылықтар мен өзгерістер күтеді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның барлық халқының бірлігі, достығы мен бауырластығы жаңа биіктерге жетелейтінін атап өтті.

«Қазақстан әрқашан балалардың Жаңа жыл алдындағы қуанышындай көңіл-күйге бөленіп тұрсын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты рәсімге қатысушыларға арнаған сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар