Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы кейбір ғимараттардың құрылысына қаражатты кімнің бөлгенін айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "25KZ: Новейшая история" деректі фильмінде әңгімеледі.
"Көбі қазір ұмытқан. Мәселен Сенат ғимараты арабтардың ақшасына салынды, бастапқылары. Ханзада 15 миллион доллар сыйлады. Ол бізге шағын кардиорталық сыйлады ғой. Үкімет ғимараты — бұл мұнай компанияларының консорциумы, олар келіп, мен олардан Астананы соғуымыз үшін 25 миллион доллар беруді сұрадым. Кувейт — кувейттің ғимаратымыз — онда қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі отыр. Олар әкімдікке қаражат берді. 15 миллион доллар берді — біз соған әкімдікті салдық. "Салтанат сарайы" — бұған Оман билеушісі 10 миллион доллар берді. Мен оны жетекшіге бердім — сөйтіп, "Салтанат сарайы" салынды. Осылайша түрік компаниялары да, қалғандары да бізге көмектесті. Мұның барлығы шамамен 300 миллион доллардан асады — мұның барлығы инвестиция болды", — деді Президент.