Президент Азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның алдына бірнеше мақсат қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі  ұлттық комиссияның алдына бірнеше мақсат қойды

Президент Азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның алдына бірнеше мақсат қойды

Бүгін, 13-қазанда Азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев комиссияның алдына бірнеше мақсат қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қазан 2005
  • 1951
Фото - Caravan.kz



Президент елімізде жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесін қолданысқа енгізу қажеттігін атап өтті. «Ол үшін заңнаманы дәйектеп, ауқымды түсініктеме жұмыстарын жүргізу, бірқатар эксперименттерді іске асырып, жергілікті өзін-өзі басқарудың ең таңдаулы үлгісін таңдап алу қажет»,- деді президент. Осыған байланысты «президенттің жанындағы жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі агенттік немесе үкіметтің жанындағы комитет түрінде арнаулы орган құру мәселесін ойластырған жөн»,- деп санайды президент.
Сонымен бірге президент ұлттық комиссияға «сынақ түріндегі әкімдер сайлауының нәтижесіне талдау жүргізіп, бұл сайлау атқарушы және өкілетті биліктің арасындағы арасындағы ықпалдастыққа қалай әсер етті және әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігін көтере алды ма деген тұрғыда нұсқаулар дайындауға» тапсырма берді.
Басымдық берілген тағы бір мәселе ретінде Н.Назарбаев БАҚ туралы заңның жобасын жасауды атады. Президенттің пікірінше, «Қазақстан сөз бостандығын қолдайды, ал жалақорлық пен жалған ақпараттар таратуды жақтамайды» деген тезис заңның күретамыры болуға тиіс. Сонымен бірге Елбасы «баспасөздің жауапкершілігі мейлінше арта түсуге тиіс» деп атап көрсетті.
Бұған қоса президенттің пікірінше, халықаралық ұйымдармен арадағы ықпалдастықты пәрмендендіре түсу кажет. «Бірінші кезекте өзіміз төрағалық жасауға бірақ кезенген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен етене жақын болу керек»,- деді президент. «Барлық стандарттарға бағынған жөн, бірақ сонымен бірге өз ұстанымымызды да дәлелдеуге тиіспіз»,- деді мемлекет басшысы. Осыған байланысты президент Комиссияға 2005-жылдың аяғына дейін ұсыныстар топтамасын әзірлеп, мемлекеттік комиссияға тапсыруды міндеттеді.
Мемлекеттік комиссия Азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның негізінде құрылады. Мемлекеттік комиссияны Елбасы басқаратын болады. Ұлттық комиссияның мүшелерінің барлығы да осы мемлекеттік комиссияға шақырылды. Бүгін мемлекет басшысы мемлекеттік комиссия құру турады жарлықтың жобасын дайындауға тапсырма бергенін хабарлады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекеттік комиссия демократиялық реформалар жөніндегі жалпыұлттық бағдарламаның жобасын жасаумен шұғылданатын болады. Бағдарлама 2006-2011-жылдар аралығында екі кезеңмен жүзеге асырылады деп күтілуде. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында мемлекеттік билік бұтақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған тетіктер жүйесін нығайту; орталық және жергілікті атқарушы билік органдары, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы билік өкілеттілігін оңтайлы бөлісу, билікті орталықсыздандыру; мемлекеттік мекемелердің іс-қызметінің ашықтығы мен жариялылығын, тиімділігін қамтамасыз ету; сайлау институттарының санын арттыру; сайлау заңнамасын жетілдіру сынды мақсатттар шешімін табуға тиіс.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта