Президент Бахрейн Короліне құттықтау жеделхатын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.31
  • 567.96
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Бахрейн Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Бахрейн Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифа мен оның отандастарын Бахрейн Корольдігінің ұлттық мерекесі –Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

  • 16 Желтоқсан 2024
  • 3
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Мемлекет басшысы жеделхатында Қазақстанның Бахрейнді араб әлеміндегі және Таяу Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен.

Сондай-ақ дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенімді екенін жеткізген. Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифаға ұзақ ғұмыр, Бахрейн халқына бақ-береке тіледі.