Президент Бакиев оппозицияның әрекетіне билікті тартып алуға талпыну деп баға беріп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Бакиев оппозицияның  әрекетіне билікті тартып алуға  талпыну деп баға беріп отыр

Президент Бакиев оппозицияның әрекетіне билікті тартып алуға талпыну деп баға беріп отыр

БИШКЕК. 8 қараша. Kazakhstan Today. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев билікке қарсы депутаттардың әрекетіне билікті тартып алуға талпыну деп баға беріп отыр,-деп хабарлайды Kazakhstan today агенттігі.

  • 8 Қараша 2006
  • 376
Фото - Caravan.kz

Қарашаның 7-не қараған түні наразылық шеру үйымдастырғандар өз тәртібін орнатпақ болған. Кворум жинамаған олар мемлекет заңдарын елемей шұғыл түрде жиналыс ұйымдастырған,-деді баспасөз мәжілісінде Қырғыз президенті. Бұған қоса Бакиев оппозицияшылдарды қудаламақ ниеттен алыс екендігін, әйтседе олардың заңнан ауытқымауларын еске салды. «Біз ешкімді де саяси қуғынға салудан аулақпыз. Бірақ кімнің де болса заңнан шалыс кетпеулерін қадағалаймыз,- деп баса айтты. Президент сондай-ақ, парламенттің бұл оқиғаны байыппен шешетініне үмітін білдірді. «Мен президент ретінде ел парламентін таратып та жібере аламын, алайда бұл тығырықтан тез арада шығатын жол емес»,-деді президент Бакиев. Ал премьер министр Феликс Қулов елдің Ата заңы тек конституция жолымен қабалдануы керектігіне тоқталды. «Билік қандай да бір шектен шығуға жол бермейді. Сондықтан оны болдырмауға барын салады»,-деді өз кезегінде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта