Президент балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы беру туралы заңға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент  балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы беру туралы заңға қол қойды

Президент балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы беру туралы заңға қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы беру туралы" заңға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Маусым 2005
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006-жылдың 1-шілдесінен бастап отбасының кірісіне қарамастан, бір жасқа дейінгі әр баланың бағым-күтіміне деп 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Сонымен бірге 2006-жылдың 1-қаңтарынан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жәрдемақы белгілеу көзделген. Бұл жәрдемақы жан басына шаққандағы кірісі азық-түлік қоржынының құнынан төмен отбасыларға беріледі. Сонымен бірге отбасының балалы болуына байланысты қазір төленетін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бір мәрте жәрдемақы сақталып қалады.

Заңды жүзеге асыру үшін 2006-жылы республикалық бюджеттен 16,1 млрд. теңге бөлінеді.

Перейти к новостям спорта