"Бір жылдың ішінде осындай ауқымды жұмысты тек рухы мықты халық жасай алады. Біз Отанымыздың дамуына серпіліс жасап, жаңа тарихи дәуір аштық", — деді Тоқаев.
Ол биыл алғаш рет 45 аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің тікелей сайлауы өтетінін еске салды. Осыдан кейін біз бүкіл ел бойынша аудан әкімдерін сайлауға көшеміз. Нәтижесінде барлық билік институттары жаңа тәсілдермен жұмыс істейтін болады.
"Ешбір жағдайда таңдалған жолдан бас тартуға болмайды. Керісінше, заңның үстемдігі, халықтың бірлігі, әлеуметтік әділеттілік және ішкі саяси тұрақтылық сияқты іргелі құндылықтарды назарда ұстай отырып, реформалар жолында берік қадам жасау керек", — деді президент.