Президент болашақта Елорданың қандай болғанын армандайды? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент болашақта Елорданың қандай болғанын армандайды?

Президент болашақта Елорданың қандай болғанын армандайды?

Құттықтауларды бас қаламен бірге Елбасы да қабылдауда. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні. Алайда өзі бұған аса мән бермейтін көрінеді. Шілденің алтысында ол үшін басты мереке - Астана күні болмақ. Қалай дегенмен бұл шаһар – мемлекет басшысының төл туындысы. Президент болашақта Елорданың қандай болғанын армандайды?

  • 7 Шiлде 2011
  • 639
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі қазірдің өзінде қазақ тарихында алтын әріппен жазылған. Халықтан шыққан қарапайым жұмысшы үздіксіз ізденісі мен ерен еңбегі арқасында биіктің биігіне жетті. Елбасын өз елі ғана емес, дүние жүзі танып отыр. Қадірлі меймандарды қабылдайтын ордасы — Астана. Шаһардың осылайша өркендейтініне кезінде көпшілік сенген жоқ. Президент болса, болашақты анық елестетті. Бүгінгі жетістікпен де елорданың авторы тоқтап қалар емес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Қала жылдан жылға көркейіп, кеңейіп, бұрынғыдан әлдеқайда қолайлы болып келеді. Алдағы уақытта астаналық тұрмыстың сапасын одан сайын көтеру қажет. Яғни,сандық көрсеткіштен сапалыққа жүйелі түрде көшуіміз керек. Ең бастысы — инновацияларды енгізу. Әлемдегі үздік жаңалықтардың барлығын осында қолдануға болады.

Астаналықтардың қазіргі саны 700 мыңнан асады. Бүгін олар туған күнмен сүйікті қаланы ғана емес, Президентті де құттықтауда. Назарбаев университетінде оқитын Дина, тіпті, жаңа жастар ұйымын құруға атсалысып, өзіндік сыйлық жасағысы келді. Бірақ ең басты тартуы – үздік білімі болмақ.

Дина Асқарова, Назарбаев университетінің студенті:

— Ең шынайы сыйлығым – дамуға өз ықпалымды тигізу. Яғни, жастар еліміздің болашағы болса, біз осы барша жауапкершілікті түсіне отырып, еліміздің гүлденуіне үлкен үлес қосудамыз.

Елбасының саяси әріптестері де атаулы күнді ескерусіз қалдырмады. Ақордаға таңертеңнен бастап әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтау хаттары келіп түсуде. Бірінші кезекте Ресей және Украина басшылары өз құрметтерін білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев биыл 71 жасқа толып отыр. КТК телеарнасы да мемлекет басшысына зор денсаулық пен жаңа табыстар тілейді!

Соңғы жаңалықтар